«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда жүргізуге әзір, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің ресми сайты. 

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов Үкімет отырысында жүргізілген көлемді жұмыстардың нәтижесінде АХҚО инфрақұрылымының жаңа жылдан бастап жұмыс істеуге толық дайындығы қамтамасыз етілгенін айтқан

Сайттың мәліметінше, қарашада орталық алаңында алғашқы қатысушы ретінде Халықаралық қаржы орталығының биржасы тіркелген. Биржа 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда жүргізуге дайын.

Ал Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанның қор нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2018 жылдың бірінші тоқсанында АХҚО биржасына мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және орналастыру көзделген.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі ислам мемлекеттік құнды қағаздары — сукукты шығару мүмкіндігін қарастыруда. 2018 жылдың бірінші жартысында АХҚО биржасында сукукты шығару жоспарланған.

“The Qazaq Times”