Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеседі.
Бүгін РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Қараша айының 29-ы күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеу қаласына Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуге келеді. Алдағы уақытта президент әкімшілігінің баспасөз қызметі бұл жайында толыққанды ақпарат тарататын болады» - деген.
Кремль Баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, екі ел басышылары кездесу барысында Ресей мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас жайында, сауда-экономикалық, әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша келіссөздер жүргізбек. Бұдан бөлек Путин мен Жээнбеков Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірлесіп жұмыс істеу жөнінде әңгіме қозғайды деп күтілуде.
Естеріңізге салайық, Сооронбай Жээнбеков президенттік қызметіне қараша айының 24-і күні кіріскен. Ол бұған дейін ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Ресей біздің басты стратегиялық әріптесіміз» деген болатын. Көптеген сарапшылар оның алғашқы ресми іс-сапарын Ресейден бастауын Алмазбек Атамбаевпен байланыстырады. Өйткені Атамбаев та осыдан алты жыл бұрын өзінің алғашқы ресми іс-сапарын дәл осы Ресейден бастаған болатын. Атамбаев алты жыл президенттік мерзімінде Ресеймен тығыз байланыс орнатқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды