Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 120 салымшысы Қостанайда пәтер кілтін алды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа баспана иелеріне арнап бірден екі үй пайдалануға беріліп отыр. Нысандар «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша салынған. Пәтерлердің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшыларына, ал қалған 50%-ы әкімдікте үй кезегінде тұрған адамдарға берілді.
«Нұрлы жер» бағдарламасымен берілетін пәтерлерді банк салымшылары тұрғын үй, аралық және алдын-ала заемдарының есебінен сатып ала алды. Ол бойынша жылдық несие мөлшерлемесі 3,5-5% аралығында болған.
Банктің мәліметінше, қазіргі кезде аймақтың 43 000 тұрғыны ТҮҚЖБ-да үй аламыз деп ақша жинауда. Қазір олар 1 шаршы метрінің бағасы 128 000 теңге болатын құны төмендетілген үй алу мүмкіндігін де пайдалана алады екен.