Құрама Штаттағы «The Wall Street Journal» басылымы мен NBC арнасы ең соңғы сауалнама нәтижесін жариялады. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, АҚШ президенті Дональд Трампты қолдау көрсеткіші оның қызметке келгеннен бергі ең төменгі шекке жеткен. Бұл туралы аталған ақпарат көздерінің ресми сайттарында жазылды.
Сауалнамаға қатысқан америкалықтардың басым көпшілігі Трампты өздерінің лидері немесе қандай да бір саяси мәселені шешуші адам ретінде мойындамаған. Бірақ бұл пікірдегілердің көбі дерлік Трамптың экономикадағы ұтымды шараларын мойындаған.
Жаңа сауалнама нәтижесіне қарайтын болсақ, президент Трампты қолдау көрсеткіші 38 пайызды құраған. Бұл қыркүйектегі сауалнамаға қарағанда бес пайызға төмен. Жалпы алғанда, респонденттердің 58 пайызы Трамптың ағымдағы билігінің өнімділігін мойындамады.
Дегенмен, Республикашылдардың 80 пайыздан астамы Трамп үкіметінің өнімді қызметін мойындап отыр. Бұл реткі сауалнамаға қарағанда, саяси тәуелсіздердің Трампты қолдау көрсеткіші көбірек төмендеген. Сондай-ақ сайлаушылар базасы да әлсірегені байқалады.
Айта кетейік, сауалнама 23-26 қазан аралығында, 900 азамат қатысуымен өткізілген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?