Сан-Францискодағы стартап жасаушылар мүмкіндігі жоғары гаджеттер мен жасанды интеллектпен қамтамасыз етілген «болашақтың» емханасын ашты. Бұл туралы Naked-science хабарлайды.

Forward стартаптары ашқан бұл медициналық орталық дәстүрлі емханалардан гөрі, Apple компаниясының дүкендеріне ұқсайды. Стартап қызметкерлері медицинаға осындай тәсілдер енгізу керек деп есептейді.

Емделушілер бірінші күннен бастап өзінің электронды қолын қояды, содан кейін адам денесін сканерлеуге арналған арнайы анализден өтеді. Ол құрылғылар түрлі биометрикалық ақпараттарды қабылдағаннан кейін, пациент анализ жауаптарын смартфондағы арнайы қосымшаның көмегімен көру мүмкіндігіне ие болады. Бұл бір.

Екіншіден. Ем алушының диагностика бөлмесінде: пациент туралы интеграцияланған деректер мен науқастың денсаулығы жайлы барлық мағлұматтар көрсетілген үлкен сенсорлық дисплей орналасқан. Дәрігер науқаспен сөйлесіп отырғанда, жасанды интеллект оның әңгімесін бақылап отырады. Нәтижесінде экранға оның науқасы жайлы ақпараттарды шығарып, емдеу жолдарын ұсынады.

Сонымен қатар, Forward компаниясы бірнеше жаңа медициналық құрал-жабдықтар шығарды. Олардың ішінде – сымсыз  сандық стетоскоп бар. Оның ерекшелігі: адамның жүрек қағысын сырт киімі болса да тексере алады. Және бір құрал – инфрақызыл құрал арқылы тамырға жарық түсіреді де, нәтижесінде қан алу процесі жеңілдейді. Бұл үш.

Қазіргі уақытта бұл ғылыми-фантастикалық медицина орталығында ем алудың құны – ай сайын 149 АҚШ долларын құрайды. Алайда, стартап негізін қалаушылардың айтуынша, тағы де технологияны дамытып, көбейтер болса,  емделудің бағасын арзандамақ.

"The Qazaq Times"