Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына арналған "Тұрсынбек Кәкішұлы және әдебиет тарихының өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың Филология және әлем тілдері факультетінде профессор атындағы дәрісхана ашылды.

Конференцияда ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев және ақын Нұрлан Оразалин, ф.ғ.д., профессор Әбсаттар Дербісәлиев, ҚР ҰҒА академигі Уәлихан Қалижан сынды азаматтар қатысып, Тұрсынбек Кәкішев жайлы сөз сөйлеп, естеліктерін айтты. 
Айта кетейік, бұған дейін әдебиетші ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры футболдан халықаралық турнир ұйымдастырып, әлемнің алты елінен және Қазақстанның жан-жағынан келген 20 команда бақ сынаған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды