Қырғызстан билігі Қазақстанмен арадағы шекара дауына байланысты Дүние жүзі сауда ұйымына хат жолдады.
Хат қазан айының 17-сі күні Қазақстан тарапының шекараны жауып тастауына байланысты жолданған. Қырғыз билігі жібірген хатта: «Қазақстан Республикасы Дүние жүзі сауда ұйымының сауда және тариф келісіміне қарамастан қазан айының 10-ы күні Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Ресей шекараларын себепсізден-себепсіз жауап тастады. Қырғыз билігі Қазақстан Республикасы сияқты Дүние жүзі сауда ұйымының толыққанды мүшесі ретінде ұйым аясында өз құқығын қорғайтын болады» - делінген. Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша, Қазақстан билігі ел шекарасын жауып тастағалы бері «Ақ-жол» және «Ақ-тілек» бекеттерінен өтетін жүк тасмалы 2,4 есеге азайған.
Естеріңізге салайық, Қазақстан қазан айының 10-ы күні Қырғызстанмен арадағы шекарасын күшейтілген режимге көшірген болатын. Шетелдік және қазақстандық сарапшылардың сөзінше, Ақорданың бұндай қадамға баруына қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ билігіне қарата айтқан пікірі себеп болған. Бірақ ресми Астана шекарадағы бұл жағдайды қауіпсіздік шараларын күшейту деп түсіндірген. Қазақстан билігінің бұндай шешім қабылдауына себепте жоқ емес, өйткені бұған дейін Алмазбек Атамбаев «сайлау алдында елде мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін» деп мәлімдеген болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды