2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында мемлекеттік бюджетке төленген төлемдер мен салық түсімдері 4,9 трлн теңгеден асты.
2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (4,6 трлн теңге) түсім 8,2%-ға өскен.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салықты ең көп төлеген өңірлер Алматы (1,2 трлн теңге), Астана (692 млрд теңге) және Атырау облысы (683,1 млрд теңге).
Ақтөбе облысы мемлекеттік бюджетке 247 млрд теңге, Қарағанды облысынан 237,5 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысынан 229,5 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысынан 225 млрд теңге, Алматы облысынан 226 млрд теңге түскен.
Бұдан бөлек, салық пен төлемдер көлемі Маңғыстау облысында 229,4 млрд теңгеге, Павлодар облысында 165,4 млрд теңгеге, Батыс Қазақстан облысында 166,4 млрд теңгеге, Қостанай облысында 112,5 млрд теңгеге жеткен.
Ақмола облысынан бюджетке 86,4 млрд теңге, Қызылорда облысынан 72,6 млрд теңге, Жамбыл және Солтүыстык Қазақстан облыстарынан 58,8 млрд теңге және 54,8 млрд теңге аударылған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?