Канадада "заңдастырылған суицид" қызметін пайдаланушылар саны артып келеді. Бұл дегеніміз қатерлі ісіктің асқынған дәрежесі сияқты ауыр дерті бар адамдар өз келісімімен, өмірін қию үшін дәрігердің көмегіне жүгіну. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Канада суицидтің мұндай түрін 2016 жылдың маусым айында заңдастырған болатын. Health Canada мәліметінше, осы жылдың маусым айына дейін, бір жылдың көлемінде жазылмайтын дерті бар 1 мың 882 адам аталған қызмет түрін пайдаланып, дәрігерлердің қолынан көз жұмған.
Өзінің тартқан азабының соңғы нүктесін қойып, жақындарының өмірін жеңілдетуді қалайтындар ресми рұқсатын бергеннен кейін, арнайы екпе жасалып, аз уақыттың ішінде науқас жан тапсырады.
Канадада белең алып келе жатқан суицидтің рұқсат етілетін жағдайлары туралы бөлімге анорексияға шалдыққандар мен өзге де ауыр саналатын бірқатар дерттің азабын арқалағандарды қосуды сұрап, бастама көтергендер де жоқ емес. Канадалық эпископтар өз-өзіне қол жұмсағандардың жерлеу рәсімдерін орындаудан бас тартып отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?