Жамбыл облысы Қордай ауданынданы Гвардейский кентіндегі әскери бөлімде мерзімді әскери борышын атқарып жүрген сарбаз казарманың төртінші қабатынан секіріп, мерт болды. Бұл ақпаратты бүгін, 21 мамырда қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенген Tengrinews.kz сайты хабаралды.
"82796 әскери бөлімде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген жауынгер суицид жасап, казарманың төртінші қабатынан секірді. Реанимация шараларына қарамастан 20 мамырда есін жимаған күйі көз жұмды. Қорғаныс министрлігі қайтыс болған жігіттің туыстары мен жақындарына көңіл айтады" делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Ақпаратқа қарағанда марқұм 2021 жылы сәуір айында әскерге шақыртылған. 15 мамырда әскери ант қабылдаған.
Ведомство құқық қорғау органдарының тергеу жүргізіп жатқанын, тергеу құпиялылығына байланысты қалған ақпарат айтылмайтынын хабарлады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел