Күрдістан жұмысшылар партиясы Сүрияның Дейр-эз-Зор провинциясындағы мұнай кен орындарын басып алды – деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметі бойынша, күрдтер Сүрия мемлекетіне тиесілі мұнай кен орындарынан бөлек, Дейр-эз-Зор провинциясының солтүстік-шығысында орналасқан Эс-Сувар және солтүстік-батысында орналасқан Әл-Касра қалаларын да өз иеліктеріне алған. Айта кететін бір жайт, Сүрияның ең ірі 11 мұнай кен орыны Дейр-эз-Зор провинциясы аумағында орналасқан. Қазіргі таңда Күрдістан жұмысшылар партиясы солардың біреуін яғни Ефрат өзенінен 22 шақырым жерде орналасқан Сефре кен орынын басып алған.
Бұған дейін Башар Асад әскері қыркүйек айында Ефрат өзеніне бет алған Күрдістан жұмысшылар партиясының сарбаздарын тоқтата алмайтындарын мәлімдеген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?