БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарының ісі талқыға салынды. Бұл талқы Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысында талқыланды. Халықаралық қауымдастық кезекті Мьянма мәселесін талқы жиынында 9 жылдан кейін көтеріп отыр. Бұл туралы «Түрік теле-радио» қызметінің ресми сайты жазды.
Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына қарсы әскери күш қолдану ісі жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын Эфиопияның тұрақты өкілі Текеда Алему басқарып ашты. Жиналыста Мьянма қарулы күштерінің мұсылмандарға бағытталған күш қолдану әрекеті айыпталды. Әрі кеңес мүшелері бір ауыздан әскери күш қолдануды бірден тоқтатуды талап етті. Сонымен бірге әлем елдерінен рохинджа мұсылмандарына берілетін гуманитарлық көмекті қабылдауы керек деген шешім шығарды.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш пен Ұлыбритания өкілі де ашық пікір білдіріп, әскерлердің қарусыз бұқараға жасаған қырғыншылығын айыптады. Әрі, Мьянма үкіметіне өңірдегі жағдайды тез арада ретке салуын талап етті.