Астанада «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы мен түркиялық бизнесмендер арасында құны 12 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық екі құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай келісімге түрік бизнес–құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Астана қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде қол қойылған.
Қазақ-түрік индустриалды аймағында осы жылы іске асырылатын жобаның бірі - қорғасын концентратын өндіретін түркиялық Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн АҚШ доллары) болса, екіншісі - құны 10 млн АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты.
Бүгінде аумағы 50 гектарды алып жатқан «Қазақ-түрік» индустриалды аймағында жалпы құны 37,5 млн АҚШ долларын құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар іске қосылғанда жаңа 900 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, жыл соңына дейін аталған индустиалды аймақта «Gold Aluminum» ЖШС-нің ПВХ профильдері мен ПВХ және алюминийден жасалған мөлдір конструкцияларды өндіретін шағын цехы іске қосылады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?