«Шығыс Азия барыстары» аталған Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайуан, Сингапор сынды елдер қысқа мерзімде жоғары экономикалық дамумен ерекшеленеді. Бұл елдердің дамуы бір есептен өздерінің сәтті жүргізген стратегияларында болса, енді бір есептен дамыған елдердің сол өңір экономикасымен өрлеуіне деген қажеттілігінде жатыр.
Сингапордың жедел дамуындағы басты себептер
1963 жылы толыққанды дербес ел ретінде атала бастаған Сингапор қысқа уақыт ішінде дүниенің алдынғы қатарлы дамыған еліне айналды. Табиғаи байлығы жоқ және ауыз сумен өзін өзі қамдай алмайтын елдің қысқа мерзімдік дамуы әлемді өзіне қаратты. Сингапордың 1960-1990 жылдардағы басшысы Ли Куан Юдың саясатын сол елдің дамуындағы ең басты фактор ретінде бағалайды. Ол ел басқарған ұзақ жылда елдегі жемқорлықпен табанды түрде күрескен, мемлекет басқаруда аса қаталдығымен аты шыққан. Экономиканың дамуына жебеуші бағдарламаларды ортаға қойып Сингапорды әлемнің алдынғы қатарына шығарды.
Бұдан басқа Сингапордың экономикалық дамуында айтылмыш екі фактор бар. Оның біріншісі – қолайлы инвестициялық климат. Бұл фактордың тууына Сингапор орналасқан аймақағы елдердің жаппай сауда-экономиканы дамытуға ұмытылуы тудырды деуге болады. Төңірегіндегі Қытай, Гонконг, Тайуан, Малайзия, Индонезия, Аустралия қатарлы елдердің инвестиция ағымы осы елдердің тұстастыратын маңызды теңіз транспорттық желісінде орналасқан Сингапорда қаржылық топтардың шоғырлануына себеп болды. Екінші фактор – елдегі тиімді салық жүйесі. Яғни, ел азаматтарының табысына салатын салық оның жылдық кірісінің не бәрі 4 пайызын ұстайды. Оған қоса елде үкімет көмегімен құрылған агентіктер орта-шағын кәсіпорындар ашқан жеке тұлғаларға жан-жақты қолдаулар көрсетеді. Мұндай агентіктер жеке кәсіпкерге жүзден аса бағдарламамен көмектеседі. Басқару қаблеті жетіспесе тегін курстарға қатыстырады, бухалтерлік, базар бақылау сынды көптеген жақтардан қолүшін береді.
Мемлекеттегі экономикалық дамуға жасаған мұндай жүйе кез-келген елдің қуаттануына оң әсер бермей қалмайды. Десе де, Сингапордың дамуында көп жұрт айта бермейтін тағы бір себебі бар. Ол болса – Батыс елдерінің Сингапордың дамуына мүдделілігі. Жапония, Қытай сынды шығыстық ішкі қуаты зор елдердің дамып, өңірдігі саяси-экономикалық ықпалы артып кетпеуі үшін АҚШ, Ұлы Бринатия қатарлы Батыс елдері Оңтүстік Корея, Гонконг, Сингапор сынды елдердің басқару жүйесін дайындап берген. Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азиядағы Батыс ықпалы Үндістан, Қытай, Жапон, Кореялардың әлеуеттенуінен кейін ғана әлсірегенін тарихтан білеміз.
Сингапор экономикасы мен қуатының артуы Ұлы Британияға тікелей қатысты. Елдің қарулы күштері де Ұлы Британия мен Израилдың қолдауында сол аймақтағы ең қуатты қарулы қосынға айналды. Бұл бір жағынан өңірлік қауіпсіздікке, инвестиция ағымының кедергісіздігне үшін керек болды. Батыстан ағылған инвестиция қысқа мерзімде Сингапорды қаржылық топтар шоғырланған, бай-қуатты елге айналдырды.
Трамп Орталық Азиядан Сингапор жасауы мүмкін
Орта Азия мұхиттан шалғай болғанымен Табиғи қазба байлығы біршама мол өңір. Шығыс пен Батысты тұтастыратын жол торабына орналасқан. Орта Шығыс пен Қытай, Ресейді бөліп тұрудай геосаяси маңызға ие. Кеңес одағынан бөлінген бес республика орналасқан Орталық Азияның халық саны 60 миллион шамасын құрайды. Бұдан басқа көптеген дамуға қозғаушы жақтары бар.
Ресей мен Қытай іргесіндегі Орталық Азия елдеріне Батыстың назары бұрыннан түскен. Алайда, бұрынғы кеңестік жүйе әсерінен Ресей ықпалы басым болып келді. Кеңес одағы ыдырағаннан әзірге дейін Орталық Азия елдері өзіндік даму жолдарын тапса да, әлі де дамыған елдердің өресіне көшқұрым жерде тұр. 90 жылдардан кейін Қытай инвестицясы мен ықпалы біртіндеп ене бастады. Оңтүстік Корея арқылы Шығыс Азияға Америка идеясы тамыр жайып отыр. Қытай билігіне өткенімен Гонконг әлі де батыстың «Шығыстағы Меруерті». Соның бәрін бастапқы күшті экономикалық қолдаудан бөле қарауға болмайы.
АҚШ жаңа президенті Доналд Трамптың экономика саласында жаңашыл, табыскерлігімен аты шыққан. Ол Құрама Штаттар экономикасын ілгерлетудің жаңа жолын табады деп күтілген. Таққа отырғалы бері, ішкі-сыртқы саяси мәселелерден өз жоспарын жүзеге асырудың кезегі әлі келмеді. Бұл мәселелерді өз есебіне шеше алса, америкалықтар алдындағы сенімін ақтау үшін, АҚШ экономикасына тың тебін беруге тырысады. Сонымен қоса Америка мүддесі үшін Қытай, Ресей сынды азиялық және еуропалық держевалармен түрлі жақтарда белдесуі мүмкін. Олардың Орта Азия мен Орта Шығыстағы ықпалын кеңейтпес үшін Трамп өз назарына алған бір елді дамытуға, сол арқылы Ресей, Қытай ықпалына тосқауыл жасауы да бек мүмкін.
Егер Трампқа шынында осындай мүмкіндік туып жатса, Американың мүддесі үшін бұл қадамға барады және оның таңдауы Орта Азиядағы кез-келген елге түсе бермесі де анық. Ең әуелі Америка ұстанымына, аталмыш адамдық құқық, наным-сенім бостандығы, демократия сынды критерилерді негізге ала отырып, сол елдің дамытуға керекті шарт-жағдайына жіңішкелікпен талдау жасайтыны белгілі.
Елдердегі инвестиция тарту және басқада АҚШ қолайына жағатын мүмкіндіктерге қарайтын болсақ Қазақстан мен Өзбекстан әуелгі үміткер болады. Соңғы кездегі Өзбекстанның жасап отырған қадамдары осы үміткерлікті қолға келтіру үшін тырысып жатқанға көбірек ұқсайды. Бұрынғы саяси тұтқындарға кешірім жариялау мен елге инвестиция тарту тебінін арттыру тағы басқа да. Ал Қазақстан ежелден сыртпен барыс-келісті дамытып, ертерек инвестиция тартып, үдемелі индустриалды-инавациялық даму жобасын жасады. Алайда, орта-шағын бизнес қазір әлемде көптеген елдердің баса мән беретін саласы. Экономиканы жебеуші тараптарда бұл жағына баса мән бермек. Өзбекстанда орта-шағын бизнестың даму мүмкіндігі бізге қарағанда зор екені жасыра алмаймыз. Елің ІЖӨ-дегі салмағы бізден жоғары.
Әрине, біз өз дамуымызды өзгелерсіз де жасар едік. Алайда, даму кедергілерін уақытымен азайта алмай келеміз. Бір ғана жемқорлықты түбірімен жойып, халыққа қызымет өтеуді сапаландыру, дамушы фоктордың тең жартысын әзірлегенмен бірдей болар еді. Қазақстан бүгінде орта-шағын бизнесті қолдауда белсенділік танытып тұрғанымен, бағдарламалардың көбі кәсіпкерлердің пайдасына аспай жатыр. Бұл үкімет бағдарламасының кемшілігінде емес қайта, атқарушылардың жауапсыздығынан. Және сыбайлас-жемқорлық бізді көптеген даму орайынан айырып, халық пен үкіметтің арасын күн санап алыстатып барады. Бұл жақтарын сараптай келе АҚШ таңдауы Өзбекстанға түсіп жатса өкпелей аламыз ба? Әрине, тап азір экономикалық дамуды қолдай қояйын деп тұрған АҚШ жоқ. Десе де, біз жүйесіздіктен мұндай орайларды өзіміз де жіберіп алып жатырмыз.
Естай Божан
"The Qazaq Times"