Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылы 53,7 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 38413 -і тұрақты жұмыс орны болған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиевтың айтуынша, мамандар тапшылығын реттеу мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде өңірде 4 584 адам техника және кәсіби білім алып жатса, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 89 мамандық бойыншаи 9682 адам жіберілді.
Ал ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев басқарма басшысына 15 мамандық бойынша ауыл тұрғындарын оқытып, кәсіпке бейімдеуді айтты. Әкімнің сөзінше, 15 мамандық бойынша, яғни, токарь, темір ұстасы, ағаш ұстасы, электрші, сантехник, шаштараз сынды мамандықтарға бейім азаматтарды ауыл әкімдері тауып беруі керек.