Ұлыбритания Еуроодақ тұрғындарын жиі депортациялайтын болған. Мұндай қорытындыны соңғы жылдары елден депортацияланған азаматтардың статистикасына талдау жасаған Independent басылымының журналистері жасап отыр. 

2010-2011 жылдар аралығында Ұлыбритания Еуроодақтың 1 мың 19 азаматын елден шығару туралы шешім қабылдаса, 2015-2016 жылдары 3 мың 485 еуропалық Үкіметтің қырына іліккен.

Ұлыбритания Үкіметі аталған мәлімдемені депортацияланған әрбір азаматтың нақты негіздемесі бар екендігімен және соңғы кездері  қоғамдық тәртіпбұзушылықтар мен қылмыстардың жиілей түсуімен түсіндіреді.

Ұсақ тәртіпбұзушылық фактілерін бірнеше рет қайталаған азамат пен көшеде түнеген шетелдік те енді депортацияға ұшырайды. Ұлыбританияның Ішкі істер министрі көмекке шынымен мұқтаж азаматтарды заңсыз депортаиядан сақтау үшін, қайырымдылық қорлары мен әртүрлі әлеуметтік ұйымдардың жұмысын үйлестіріп отырғандарын айтады.

“The Qazaq Times”