СІМ басшысы «Қазақстанда орыс тілділерге қарсы ксенофобия бар» деп мәлімдеме жасаған Ресейдің орталық қала мэрі құрлыс компанияларға мигранттардан құтылуды баса тапсырып жатыр. Мәскеудегі құрлыс істерінен мигранттарды азайту жоспарының бар екенін қала мэрі Сергей Собянин бұған дейін де айтып келген еді.

Мәскеу қала мэрінің сөзін алғашқылардан болып «Коммерсант» басылымы жазды. Басылым хабарынша, құрлыс орнындарын аралап жүрген Соянин компания директорына: «Басқаша айлықпен басқа сипаттағы адамдар [керек], қазір сіздерде көп болып отырған мигранттарды азырақ [тарту керек]. Жақынғы аймақтардан ресейліктерді тартыңдар, айлықтарын көтеруге, жұмыс істеуге шарт түзілген», – деген тапсырмасын берген.

Мәскеудің Бауманская көшесіндегі хрущевкалардың орнына жаңа құрлыстар салуды жүзеге асырып жатқан құрлыс компаниясының ген-директоры Алексей Добашин қала мэріне жұмысшылары арасынан мигранттардың 15 пайызын қысқартқанын, құрлысшылардың 120-150 мың рубль айлық алып жатқанын мәлімдеді. Оның бұл сөзіне Соянин: «Бұл мәскеуліктердің айлығы, мигранттардыкі емес», – деп қадай айтқан.

Анығында көп жылдардан бері Мәскеу қаласындағы құрлыс жұмыстарының басым көбін мигранттар жүзеге асырып келген. Пандемияға байланысты елде құрлыс саласындағы сыртқы еңбек күштердің саны кескін қысқарып кеткен. Мәскеу қалалық үкіметі мигранттардың орнына жергілікті жұмысшыларды тарту үшін үкімет тарабынан субсидия қарастырып жатқанын да мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Мәскеуде құрлыс ең қарқынды жүретін шілде және тамыз айларында 18-20 мың шамасында құрлыс жұмысшыларының жетіспей жатқаны айтылған. Қалалық құрлыс департаменті жариялаған бұл дерекке сай құрлыс жұмыстарына жергілікті жұмысшыларды тарту үшін қаржы бөлініп жатқаны да мәлім болған.

Ресей пост-кеңестік елдердің, әсіресе Орта Азия елдеріндегі (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) жұмыс күшіне белгілі деңгейде мұқтаж. Еңбек нарығы мен сауда нарығы бойынша Орта Азия Ресей үшін аса маңызды аймақ саналады.

The Qazaq Times