Осы аптада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты пікір білдіріп, жүйені енгізуге асықпауға шақырған болатын. Осыдан соң ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жүйені енгізуді бір екі жылға шегеріп, бірақ медициналық сақтандыру қорына жарна жинау жалғаса беруі мүмкін екенін айтқан еді. Алайда «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігінің қорға жарналарды ары қарай жинау немесе жинамау жайындағы әрекеті түсініксіз болып отыр. Ол бұл туралы «abctv.kz» ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты.
– Қазір қоғамда өзіндік құқықтық вакуум түзілді. Денсаулық сақтау министрі реформаны енгізуді екі-үш жылға шегеру туралы ойын білдірді. Алайда заң бойынша төлем міндеттемелерін алып тастаған жоқ. Осындай жағдайда жарналарды төлеудің пайдасы туралы сұрақтар туындағанда бизнеске не істеу керек? Орынды сұрақ туады: осы екі жылда қаражатты жинақтау министрге не үшін қажет? Осылайша реформа идеясы мәнін жоғалтпай ма?
– Осындай сауалдарды бизнес-қоғамдастық ретінде біз де қойып отырмыз. Министр Біртанов мерзімдер бір-екі жалға шегеріледі, қаражат жинақтала береді, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәселесі қаралатыны жайында өзінің біржақты ойын білдірді, алайда министр миллиардтар төлеуге міндетті бизнес-қоғамдастықтың пікірін неге сұрамайды? «Атамекен» Ұлттық палатасы барлық мүдделі тараптарды жинап, біржақты шешім қабылдау мақсатында жұмыс тобын құруды ұсынады. Министр бұл ұсынысты қолдады, бірақ нақты қадамдар жасалған жоқ. Айта кетелік, «Атамекен» маусым айында өткен IV Съезінде өз ұстанымын білдірген болатын: реформаны 2020 жылға дейін шегеріп, жетілдіру керек. Біз заңның қабылданып, орындалуы қажет екенін түсінеміз. Қазір бизнесмендердің барлығы орынды сұрақ қойып отыр: қорға ақша төлеу керек пе, жоқ па? Бұл қаражат қайда кетеді? Екі жыл ішінде қор штатын не үшін ұстайды? Осы сұрақтар жұмыс берушілердің наразылығын тудырып отыр. Адал кәсіпкерлер заңды бұзғысы келмейді және болып жатқан үдерістің мәнін, ақшаны қайда кеткенін түсінбей дал.
– Яғни реформа мазмұны мен мәні күмән келтіреді ме?
– Мемлекет басшысы бұл реформа негізін жақсылап ретке келтіру қажет екенін нақты айтты. «Атамекен» медицианлық сақтандырудың нақты жүйесін енгізуді қолдайды, алайда іс жүзінде не болып жатыр? Тағы да имплементация идеясы дұрыс емес. Ұғымдарды бұрмалау жүріп жатыр. Реформа мазмұны бойынша сақтандыру жүйесін емес, жұмыс берушілерге қосымша жаңа салық болып отыр.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру соңғы жер реформасы сынды құрдымға ұшырайды деп ойлайсыз ба?
–Бұл оқиға министрлердің реформаны енгізіп қана қоймай, оның жүзеге асуына да жеке жауапкершілікпен қарау керек екенін көрсетіп отыр. Жер реформасы аяғына дейін істелмегені жағдайында министр Досаев джентльмендік танытты. Президент мұны жас министрлерге сабақ алар мысал ретінде келтірді.