Венесуэлада сәуір айынан бері жалғасып келе жатқан билікке қарсы халықтық шерулерге жаңа сипат беріп, мыңдаған көтерілісшілерінің символына айналған азамат - Уилли Артеага абақтыдан босатылды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Уилли Артеага жалпыхалықтық көтеріліс жүріп жатқан кезде, полиция бекетінің алдында тұрып скрипкада ойнағаны үшін, түрмеге жабылған болатын. Скрипка тіліне туған елінің әнұраны мен өзге де патриоттық сарындағы әндерін салып, Үкіметке қарсылық білдірудің ерекше формасын таңдаған ол, аз күнде көтеріліске шыққандардың арасында танымал болып кетті. Ерекше символға айналған суретте Артеага халыққа қарсы қолданылған көзге жас келтіретін газдың әсерінен, жанары жасаурап, скрипкада ойнап тұр.
Жас музыкант биліктің тым әлсіз, әрі болмашы нәрседен қорқатын күйге түскенін айтады. Өйткені жергілікті демонстранттардың арасында белгілі бола бастаған Артеаганы олар, "зорлық-зомбылықты насихаттаушы" деп айыптаған.
Жастар оркестрінің қатарында өнер көрсетіп жүрген жігіт, қала көшелеріндегі наразы халықтың қатарына, барлығымен бірге алаңға шыққан музыкант досы полиция қолынан қаза тапқаннан кейін қосылған. "Скрипкадағы ең алғашқы "қарсылық гимнін" досымның жерлеу рәсімінде ойнадым", - дейді ол.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?