Соңғы жылдары Қазақстандада, оның ішінде батыс аймақтарда діни көзқарас бойынша вакцинациядан бас тарту мәселесі өзекті болып отыр. Аталған аймақтарда бұл көрсеткіш 80 % құрайды, деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Діни көзқарасы бойынша екпеден бас тарту Атырау облысында 88,9%, Ақтөбе облысында – 87,9%, Батыс Қазақстанда облысында 89,3% құрайды. Діни көзқарасы бойынша бас тартудың жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстанда да байқалады (71,3%).

2016 жылы Қазақстан Республикасында  профилактикалық екпеден бас тарту тіркелді. 2015 жылмен салыстырғанда бас тартқандар саны 13,4% (8383) өскені байқалады.

Бас тартудың негізгі себептері 45% (4360) жеке мәселе бойынша,  42,9% (4151) діни көзқарасы бойынша бас тартса, ал, 6,2% (600) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жағымсыз ақпарттың салдарынан екпеден бас тартқан. Тұрғындардың 6,1% (589) вакцинаға сенімсіздік білдіреді.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша вакцинадан бас тарту санының өсуі вакциналық басқаруға болатын инфекцияға бейім контигенттің болуына әкеп соғады. Бұл олар ауырған жағдайда мүгедектік немесе адам өліміне дейін ауыр асқынуларға әкеледі", делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 бабына сәйкес мемлекет адамның денсаулығы мен өмірі үшін жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында қажетті деңгейде заңмен шектелуі мүмкін.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта заң жобасы аясында қарастырылып отырған міндетті вакцинацияны енгізу мәселесі талқылануда.

“The Qazaq Times”