Қазақстанда коньяк өнімдерінің сатылымы өткен жылғы деңгейден 1,5 есеге артса, шарап пен сыра сатылымы 18% және 13%-ға жоғарылаған. Сарапшылардың пікірінше, алкогольді минералды сулар мен басқа да сусындарды сату тек 7%-ға көбейген.
Сонымен алкогольдік ішімдіктер арасында ең көп өндірілген коньяк болып отыр. Бір жылда +67,5% көрсеткішке ие болып, 5,48 млн литр коньяк өндірілген. Ал арақ өндірісі керісінше 15,13 млн литрге дейін қысқарып кеткен.
Eenergyprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, қазақстандықтар бөтелкедегі ауыз суды орташа есеппен 77,1 теңгеге сатып алған. Бұл көрсеткіш осы жылдың шілде айымен салыстырғанда 0,1%-ға, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары. Ірі қалалар арасында 1 литр ауыз судың ең қымбат бағасы Алматыға тиесілі. 1 литрі - 87 теңге.
Сондай-ақ, алкоголь өнімдері де айтарлықтай қымбаттаған. Мысалы арақтың бағасы бір айда 1,5%-ға, бір жылда 13,3%-ға қымбат болған. 2017 жылдың тамыз айындағы 1 литр арақтың бағасы орташа есеппен 2302,1 теңге. Арақ ең қымбат өңір Астана, орташа есеппен литрі - 3050 теңге.
Айта кетейік, Қазақстанда осы жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциз мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Яғни 2017 жылы акциз құны литріне 2 мың теңгеге (өткен жылға қарағанда өсім - 45%), 2018 жылы - 2,275 мың теңгеге (өсім 14%), ал 2019 жылы- 2,55 мың теңгеге (өсім 4%) жоғарылауы мүмкін.