Ресейде алкоголды ішімдік ішетіндердің саны азайып, ұзақ өмір сүру жасы жоғарлаған. Бұндай мәліметті Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Аталған ұйымның мәліметінде, 2003-2016 жылдар аралығында Ресейде алкоголды ішімдік ішетіндердің саны 43 пайызға дейін қысқарған.
Бір кездері Ресей алкоголды ішімдік ішетін елдер қатарында көш бастаған еді. Ішімдіктерден болатын ауырулардан көз жұматын азаматтардың да саны көп болған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2003-2018 жылдар арасында мұндай аурулардан зардап шегетін ресейліктердің саны көрнекті азайғанын айтады. Сондай-ақ, заматтардың орташа ұзақ жасау жасы ерлер 68, әйелдер 78 жас көрсеткішіне жеткен., бұл Ресей жөнінен рекордтық деңгей. Аталған ұйым бұндай өзгерісті Ресей үкіметінің алкоголды ішімдіктерді азайту, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау шараларының нәтижесі деп санайды.
Ресейде алкоголды ішімдіктерге қарсы шаралар президент Дмитрий Медведев тұсында қарқынды болған. Үкімет тарабынан алкоголды ішімдіктерге салықты көбейту, кейбір уақыттарда саудалауға тыйым салу және ішімдік ішуге қарсы насихаттау шараларын жүргізген болатын.
BBC тілшісі Сара Рейнсфорд алкоголды ішімдіктерге шектеу қоюды Ресейдегі ең үлкен өзгерістің бірі ретінде бағалайды. Дүкендерде 23:00-бен кейін арақ-шарап сатуға шектеу қойылған. Көшелерде арақ-шарап ішкендер қомақты айыппұлға жығынды болады. Полиция да бұл ережелердің атқарылуына қатаңдық танытады.
Дегенмен, бұл үрдіске қарамастан арақ-шарапты дәстүр ретінде тұтынатындар саны да көп.