Алматы қаласынада Green Recycle деп аталатын қоқыс сұрыптайтын кешеннің құрылысы басталды.
Техника-экономикалық негіздеме бойынша инвестиция құны 5,3 млрд теңгені құрайды.
Зауыт 2018 жылдың маусымында, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығаруға тыйым салынғанға дейін іске қосылады. Сұрыптау қабілеті тәулігіне 1,5 мың тонна және жылына 500 мың тонна болады. Барлығы 600 жұмыс орны құрылады. Салық және мемлекеттік бюджетке аударымдар жылына 300 млн теңгені құрайды.
Компания директоры Дмитрий Данильченконың сөзінше, итальялық құрылғының көмегімен қоқыстың жалпы массасынан пайдалы дүниелер сұрыпталып шығады (әйнек, пластика, металл, картон т.б.).
"Біз жерді толығымен сатып алдық. Жабдықтың құнының 35%-ы қаржыланды. Бір жылда зауыт құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бірінші жылы қоқыс тек сұрыпталады. Олар пластика қалпында Ресей мен Өзбекстанға экспортталады. Кейін шикізат көбейген соң қайта өңдейтін зауыт саламыз", - дейді ол.
Данильченко қаржы "Даму" қорының субсидиялау бағдарламасы арқылы 7%-бен Qazaqbanki-нен алынғанын атап өтті. Өтемді төлеу бес-жеті жылға жоспарланған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды