Бүгін әлемдік ақпарат көздері 72 жылдың алдында жоғалып кеткен АҚШ-тың әскери кемесінің табылғаны туралы хабарлауда. 1945 жылы 30 маусымда Тынық мұхитында суға батқан «Индианаполис» атты крейсер Жапониядан құпия міндет өтеп қайтқан жолында жапон су асты соғыс кемесі жағынан суға батырылған. Жақында Филиппин теңізіндегі 5500 метр тереңдіктен кеменің қалдықтары табылды. Бұл туралы «The New York Times» басылымының онлайн қызметі хабарлады.
Деректерге сүйенсек, кемеде 1200 әскери қызметкер болған. Олардан тек 316 адам ғана аман қалған. Өзгесі қаза тапқан. Кеме ішінде қалғандарынан өзгесі акулалар мен балықтардың жеміне айналған делінеді деректерде. Бұл АҚШ теңіз әскери күштерінің тарихындағы ең бір қанды оқиғалардың бірі болып қалды.
«Индианаполиске» сол жолы Хиросимаға тасталған атом бомбасының бөлшектерін Американың Тынық мұхиттағы Тиниан аралына жеткізу туралы құпия міндет жүктеген. Ол атом бомбасының бөлшектерін жеткізіп бергеннен 4 күн өткенде, мыңдаған адамның жанын жалмаған атом бомбасы Хиросимаға тасталыпты. Құпия тапсырманы орындап, Жапон аралдарынан алыстап Тынық мұхитына шыққан кезде Жапонияның су асты соғыс кемесі байқап қалып, шабуыл жасаған. Кеме бар жоғы 12 минут ішінде суға шөгіп, ғайып болған.