Еуропалық инвестициялық банк Қазақстанның климаттың өзгеруіне ауыл шаруашылығын бейімдеуге арналған жобалар үшін «ҚазАгро» холдингіне 100 миллион еуро бөледі. Бұл туралы холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұловаға сілтеме жасап, LS хабарлайды.
"Қазіргі уақытта Еуразиялық инвестициядық банкпен 10 жыл мерзімге 100 млн еуро қарыз алу келіссөзін жүргізіп жатырмыз. Бұл қаражат климаттың өзгеруіне байланысты ауыл шаруашылығын бейімдеуге және аграрлық секторда оның салдарын жеңілдетуге, сондай-ақ, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың дамуына жәрдемдесуге, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шағын және орта бизнес жобаларын іске асыруға бағытталады", - деп түсіндірді Атамқұлова.
Оның сөзінше, негізгі оператор "Аграрлық кредит корпорациясы" болады. Қарыз алу бойынша келісімге қол қою 25 тамыз күні Астанада өтетін AgroInvest Forum 2017 атты агроөндірістік инвестициялық форум кезінде жүзеге асуы мүмкін.
Бұдан бөлек, ол тікелей инвестиция тарту бойынша Қазақстан-Венгрия қоры Ақтөбе облысындағы жылыжай кешені жобасын қаржыландыруда бастайдтынын атап өтті. Бұл жоба бойынша да келісімге форум кезінде қол қойылады.
Айта кетейік, қор 2015 жылы Қазақстанның агроөндіріс саласын қаржыландыру мақстатында құрылған. Қордың алғашқы қаржы көлемі 40 млн доллар болған. Осы ұйым арқылы жеке аграрлық компаниялар өздерінің қызметін дамыту үшін инвестиция тартуға мүмкіндік алады деп жоспарланған.
Осы жылдың 25 тамызында Астанада AgroInvest Forum 2017 атты агроөндірістік инвестициялық форум өтеді. Іс-шарада Қазақстан, Қытай, Иран, БАӘ, Венгрия, Польша, Ресей, Испания, Түркия сынды елдерден 100-ден аса қатысушы болады.