Бразилияның оңтүстігінде "аугер бүйі" аталған жыртқыш өрмекші тіршілік етеді. Әдетте, жерден 50-60 см тереңдікте ін қазып тұрақтайды. Азығын аулауға өте шебер, жәндіктердің жыртқышы аталған. Кейде үй құстарына дейін азық етеді. Жақында адамдар оның қызыл жолақты жыланды да жейтінін байқаған. Зерттеушілер бұл өрмекші тектестің жыландарды азық ететінін алғаш кездестіріп отырмыз дейді. Тіпті бүйінің жыланды азық етуі өткен желтоқсан айында «Герпетология рекорттары» журналына енген. Бұл туралы sina.com.cn сайтында жарияланды.
«Сара-ду Савра» аталатын тастақты таулы алқапта мал оттығы мол болып келеді. Бұл Бразилиядағы федералдық қорғалатын аумақтарға жақын. Зерттеушілер осы өңірдегі өрмекші тәрізділердің түрлерін зерттеу барысында кездескен жыланды азық ететін өрмекші оларды қайран қалдырды. бұл жыртқыш бүйі былтырға дейін жаңа түр ретінде қаралмай келген екен. Бұрын ғалымдар бұл түрдегі уытты бүйілер тек Уругвай жеріне ғана таралған деп есептеген. Ал суреттегі қызыл жолақты жыландар осы өңірде көптеп ұшырасады, орташа ұзындығы 29см болып келеді. Бүйіге оңай жем бола бермейді. Әдетте мұндай аугер бүйілердің азығы – ұсақ жәндіктер, ұсақ бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер болып келеді. Кейде ұсақ сүт қоректілер мен құстарды да аулайды. Жыланды тұрақты азық ететін бүйінің кездесуі шынында табиғаттағы таңқаларлық іс.
Зерттеушілердің мөлшерлеуінше қызыл жолақты жылан тас астына жасырынатын тұрақ іздеп кірген болуы мүмкін, алайда өзінен бұрын мұнда аугер бүйі мекендеген. Тағы бір мүмкіндік бұл жылан осы арадан өтіп бара жатқанда жыртқыштың жеміне айналған. Зерттеушілердің бірі бұл аугер бүйінің азу күші немесе уыты бір жыланды өлтіруге қаптал жетеді деп қарайды.
Зерттермендер бұл аугер бүйінің уытты сұйықтық шығаратынын айтады. Алайда оның уыты қаншалықты екені әлі зерттелмеген. Аугер бүйі жартылай жеп қалдырған жылан өлексесіне қарар болсаңыз, оның бас және кеуде бөлімінің шырыштанғанын және ыдырау реакциясы болғанын байқауға болады. Бұдан аугердің азығына алдымен ас қорту сұйықтарын бөліп шығып, сосын барып нәрге бай шырынды қылғып тауысатынын анық білінеді.
Кездейсоқ қопарып қалған тастан осындай сирек кездесетін көрніске куә болған. Табиғаттың бізге ашып көрсетпеген құриясы әліде көп. Біз танып-білмеген жануарлар түрлері әлі де кездеседі. Біз алда бұл түрдегі өрмекшіні жан-жақты зерттейміз дейді жергілікті ғалымдар.
"The Qazaq Times"