Бразилия сенбіде COVID-19 індеті бойынша 100 мыңнан астам адам қайтыс болған екінші ел боды. Бірінші орындағы ел – АҚШ, қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарында 161000 адам індеттен қайтыс болған және вирустық инфекция жұқтырғандар саны 5 миллионға жуықтаған. Ал Бразилияда 3 миллион адам дерт жұқтырғаны туралы хабарланды.
Бразилия президенті Болсонару өткен айда індет жұқтырған. Ол «өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр» деді. Сарапшылардың айтуынша, вирусты тестілеу жеткіліксіз болғандықтан, Бразилиядағы вирусты жұқтырғандардың саны қазіргі уақытта анықталғаннан алты есе көп болуы мүмкін.
Бірнеше апта бойы Бразилиядағы індеттен қайтыс болғандар саны күніне 1000-нан асып жығылды. Дәл осындай жағдай АҚШ-та соңғы 11 күн болған. Статистика бойынша миллион адамға шаққандағы өлім көрсеткіші. Бразилияда 478 адам, АҚШ-та 487 адамға сайкес келеді. Екі елде де миллионға шаққанда қайтыс болғандар Испаниядағы 609-дан және Италиядағы 583-тен төмен.
Коронавирус Бразилияның 27 штатында әртүрлі таралған. Бразилия астанасы Бразилияда медициналық төсек орындардың 80% -ына науқастар орналасқан, бірақ Рио Жанейрода бұл көрсеткіш 30% -дан аз. Оларда дүкендер мен кафе ресторандар ашық күйінде және жағажайлар да пайдаланылуда, індеттің белең алуына осы жағдайлар басты себеп болды. Associated Press хабарлағандай, ондағы ауруханалар ассоциациясының директоры Грахо Альвим: «Мұндағы жағдай өте босаңсыған, біз неге бұлай екенін білмейміз».
Америка Құрама Штаттарында денсаулық сақтауды өлшеу және бағалау институтының болжамы бойынша американдықтар бетперде тағыуды талап етпесе, 1 желтоқсанға дейін каронавирустан шамамен 300 мың адам қайтыс болады деді.