Венесуэлада Бас Прокурор қызметі Николас Мадуро Үкіметіне қарсы әрекет еткен Луиза Ортеганың қолынан күшпен тартып алынып, мемлекет басшысының жеке заңгері Тарек Саабқа берілді. Бұл туралы Euronews ақпараттық агенттігі жазды.
Тарек Сааб Euronews -қа берген сұхбатында Луиза Ортегоны аямай сынады: "Луиза Ортего Диастың басшылығындағы министрлік сәуір айынан бері жалғасып келе жатқан халықтық қозғалыстар кезінде, бейбітшілік орнатудың орнына, сол көтерілістерге өздері қатысты. Бұл бейбіт тұрғындардың өліміне алып келді".
Қызметінен еріксіз босатылған Луиза Ортегоның күйеуі әйелінің мемлекет билігі тарапынан қудалауға ұшырап отырғанын айтты. Оның ақпаратынша, Луиза Ортего мен оның туыстарын белгісіз адамдар көлікте аңдып, соңына түсіп, қорқытқан.
Euronews-тың Каракастағы тілшісі Эдуардо Салазар: "Жаңадан тағайындалған Бас Прокурор Ұлттық Құрылтай жиналысының ақиқатты орнату комитетімен бірлесіп, соңғы 4 айда болған көтеріліс салдарынан қаза тапқан азаматтардың өліміне кінәлілерді табатындығын мәлімдеді ", - дейді.