ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қол қою рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы»қоғамдық қорының директоры Раxым Ошақбаев қатысты.
"Аталған Меморандум денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, оның ішінде ерікті медициналық сақтандырудың ең үздік әлем тәжірибесін енгізу бойынша бірлескен жұмыстарды қарастырады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, Меморандум ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бюджетінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесіне ашық және қоғамдық мониторинг жүргізуге, заң жобалау, сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және т. б. қатысуға бағытталған.
Айта кетейік, Елжан Біртанов пен Рақым Ошақбаев "Хабар" телеарнасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты теледебат ұйымдастырған болатын. Теледебат кезінде Рақым Ошақбаевтың МӘМС салықтың жаңа түрі деген пікір айтқан.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?