Жекешелендірудің екінші толқыны аясында алматылық "Қайрат" футбол клубының 30 пайыз үлесі саудаға қойылды.
Сауда 2017 жылдың 18 тамызына белгіленген және бағаны көтеру әдісі бойынша өткізіледі. Лоттың алғашқы бағасы 2 млрд теңгеден жоғары. Ал саудаға қатысушылар үшін кепілдік жарнасы 68 млн теңгені құрайды.
Электронды сауда алаңында хабарланғандай, клубтың саудаға қойылған үлесі Алматы әкімдігінің аппартатының тізімінде болған.
Invest Capital компаниясынының мәліметінше, лоттың сметалық құны 2017 жылдың 20 шілдесінде 2 млрд теңгеден жоғары болған.
Клубтың қаржылық есебі бойынша, оның кірісі 2,3 млрд теңгені құраған, ал шығын - 4,4 млрд теңге. Сондай-ақ, "Қайраттың" активтері 10,7 млрд теңгеге тең болған, ал міндеттемелері 5 млрд теңгені құрады. ROA деңгейі - 21,5 пайыз.
Алматы қаласының баржы басқармасының мәліметінше, клубтың 70 пайыз үлесі Globex Energy FZE компаниясына тиесілі, ал 30 пайызы Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының есебінде тұр.
Айта кетейік, шілде айында алматылық клубтың футболшылары Еуропа лигасының екінші раундында албаниялық "Скендербеу" клубынан жеңілді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?