Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелетін, орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2017 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 2,7% төмендеген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, 2016 жылғы шілдемен салыстырғанда 10,4%-ға жоғарылаған. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,2%.
Оның ішінде сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға кеткен шығын – 15,4%, жемістер мен көкөністерге – 14,1%, нан және жарма өнімдеріне – 7,8%, қант, шай және дәмдеуіштерге кеткен шығын 2,5%-ды құрады.
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда |
0-13 жастағы балалар |
14-17 жастағы жасөспірімдер |
18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық |
Зейнет-керлер мен қарт адамдар |
|||
жас жігіттер |
қыздар |
ерлер |
әйелдер |
||||
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы |
24 447 |
19 383 |
30 865 |
23 653 |
29 165 |
23 156 |
22 910 |
Азық-түлік тауарлары |
14 668 |
11 630 |
18 519 |
14 192 |
17 499 |
13 893 |
13 746 |
Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер |
9 779 |
7 753 |
12 346 |
9 461 |
11 666 |
9 263 |
9 164 |
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адамға қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы.
Айта кетейік, күнкөріс деңгейінің төмендеуіне қарамастан Қазақстанда шілде айында көкөніс бағасы едәуір қымбаттаған. Мысалы сәбіздің килограмы 15,6%-ға немесе 153,8 теңгеге дейін көтерілсе, 7,5%-ға (орта есеппен 141,1 теңге) қызылша және бұршақтар - 1,2%-ға қымбаттаған.