Қазақстандықтардың депозиттерінің көлемі бір айда 0,9%-ға ұлғайып, 2017 жылғы маусымның соңында 17 860,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 10 058,3 млрд теңгеге дейін немесе 0,7%-ға қысқарды, жеке тұлғалардың депозиттері 7 801,8 млрд теңгеге дейін 3%-ға ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылғы маусымның соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы
депозиттердің көлемі 9 021,4 млрд. теңгені (бір айда 1,6%-ға ұлғайды), шетел
валютасындағы депозиттер негізінен теңгенің әлсіреуі нәтижесінде валюталық қайта бағалау есебінен бір айда 8 838,6 1, 6 млрд 0теңгеге дейін 3,5%-ға өсті. Долларлану деңгейі маусымда 48,2%-дан 49,5%-ға өсті.
Ұлттық банктің мәліметінше, төрт ай қатарынан ұлттық валютадағы
депозиттердің көлемі шетел валютасындағы депозиттердің көлеміне қарағанда артқан.
Ал заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2017 жылғы маусымда 4,9%-ға қысқарып, 5 486,2 млрд теңге болды, шетел валютасындағы депозиттері 4 572,1 млрд теңгеге дейін (заңды тұлғалар депозиттерінің 45,5%-ы) 4,8%-ға ұлғайды.
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 2017 жылғы маусымда 4,0%-ға ұлғайып, 3 535,2 млрд теңгені құрады, шетел валютасымен депозиттер 2,1%-ға өсіп, 4 266,6 млрд теңге (жеке тұлғалар депозиттерінің 54,7%-ы) болды.
Байқасақ, Қазақстанда шетел валютасына тәуелділік әлі де бар. Мұны заңды тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің көбейгендігінен-ақ аңғарамыз.