АҚШ Окинавадағы "Футэмма" әскери базасына тиесілі 481 гектар жердің 4 гектар бөлігін Жапония Үкіметіне қайтарды. Берілген жер көлемінде залалды заттардың бар-жоғы анықталған соң, 2019 жылы мұнда жергілікті тұрғындардың пайдалануы үшін жол салынады. Бұл туралы Жапонияның Кидодо басылымы хабарлады.
АҚШ-тың қарауына берілген аумақтың бір бөлігін қайтару туралы келісімдер 2016 жылдың желтоқсанында жасалған болатын.
Қазір АҚШ-тың "Футэмма" әскери базасының аэродромы жергілікті халық тұратын ауданның дәл ортасында орналасқан. Жапондықтар бұл олардың өмірі үшін қауіпті деп есептейді.
Осыдан алдын, Жапония билігі әскери базаны толықтай Окинаваның солтүстік бөлігіндегі Хэноко ауылының маңына көшіріп, жаңа аэродром салу туралы ұсыныс білдіргенімен, ортақ мәмілеге келе алмады.
Окинава Жапония территориясының 0,8 пайызын ғана құрағанымен, мұнда АҚШ-тың әскери күштерінің 74 пайызы шоғырланған. Окинава әкімшілігінің мәліметінше, онда 25,8 мың АҚШ әскерилері және олардың жанұясына кіретін 19 мың қарапайым америкалық азаматтар тұрады.