Сербия Ішкі істер департаментінің басшысы Небойша Стефанович «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарында қанша сербиялық соғысып жүргенін айтты.
«Қазіргі таңда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының сапында 49 сербиялық азамат соғысып жүр. Бұл еуропаның өзге елдерімен салыстырғанда аса жоғары көрсеткіш емес. Бірақ бұған қарамастан біз осы бағытта жұмыс істеудеміз. Себебі біз толыққанды ақпарат алу арқылы ғана өзімізді олардан қорғай аламыз» - деді Стефанович Pink телеарнасына берген сұхбатында.
Бұдан бөлек Стефанович Сербия полициясының, қауіпсіздік қызметінің, прокуратурасының террорлық шабуылдардың алдын алуға байланысты барлық жұмыстарды істеп жатқандығын және Сербияның еуропадағы ең қауіпсіз елдердің бірі екенін айтқан.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?