Иран Ислам Республикасы – Орта Шығыс мемлекетіне жатады. Қазақстанға Каспий теңізі арқылы шектеседі. Жер көлемі 1 млн 648 мың шаршы шақырымнан асады, әлемде 17-ші орында тұрады. Халық саны 2006 жылғы санақ бойынша 70 млн адамнан асқан болатын.

ИИР Қарулы күштері:

Иран Қарулы күштері Қорғаныс министрлігіне қарайтын Құрлық, Әуе және Теңіз күштерінен тұрады. Иран Ислам революциясынан кейін құрылған Иран Ислам Республикасының қарулы күштері құрылғанына 38 жыл толады. Иран қарулы күштерінің XX ғасырдағы күш қуаты Иран-Ирак, Шығанақ соғыстарында сынақтан өткен. Сол кезде Иранның Теңіз армия күштері өзінің стратегиялық жоғары қаблетін көрсеткен болатын. Қазіргі таңда Иран мен Түркияның әскери қуаты мен соғысу қабілеті Орта және Таяу-Шығыстағы елдер арасында алдынғы қатарда деп саналады.

Жалпы әскери қуаты:

Иранның Қарулы күштерінде Революциялық гвардияны қамтығанда 510 мың адам бар. Танктер саны – 1190. Жауынгерлік көліктер саны – 400. Сауытты көліктер саны – 550. Сүйрелмелі зеңбіректер саны – 1995 дана. Өздігінен жүретін артиллерия саны – 289. Зымырандар саны – 695. Миномет саны – 6500 дана. Жақын және орта қашықтықтағы зымыран саны 410. Соғыс және әскери тасымал кемесінің саны 82. Соғыс ұшақтары 300. Тікұшақтары 556.

Құрлық армиясы

Танк:

Т-54/Т-55 түрінен 110 дана. Т-59 түрінен 220. Т-69 200 дана. Т-62 типтегі танктен 100 дана. Т-72 түрінен 200 дана. «Атаман» тұрпатты танктерінен 250 дана. М-47 және М-48 түрінен 150, М-60А1 түрінен 160 дана.

Жауынгерлік көліктері:

БМП-1-ден 300 көлік, БМП-2 түрінен 100 көлік бар.

Сауытты соғыс көліктері:

БТР-50, БТР-60, М-113 түрлерінен 550 көлік бар.

Сүйрелмелі зеңбіректер:

105мм түрінен 130, 122 мм түрінен 650, 130мм түрінен 1000, 152мм түрінен 30, 155мм түрінен 165, 203мм түрінен 20 данасы бар.

Өздігінен жүретін артиллериялар:

122мм түрінен 60 дана, 155мм түрінен 160 дана, 170 түрінен 9 дана, 175мм түрінен 30 дана, 203мм түрінен 30 дана.

Зымырандар:

107мм түрінен 500, 122мм түрінен 155, 240мм түрінен 9 данасы бар. Оған қоса, 320,333мм және 355мм түрлерінен 25 дана зымыран қондырғылы қарулары бар.

Миномет:

60мм, 81мм, 82мм, 82мм, 107мм және 120мм түрлерінің жалпы саны 6500 данасы бар.

Жер бетінен орта-жақын қашыққа атылатын зымырандар:

Scud-B/ Scud-C зымыран қондырғыларынан 10 (оқ тұмсықтары 210 дана). CSS-8  зымыран қондырғыларынан 25 данасы бар, ал олардың зымырандарынан 200 дана (бұлар Иранның соғыс қарулары арасындағы ең көрнекітілерінің бірі, алайда, Scud зымырандары қазіргі кезде ескірген соғыс техникасына айналып бара жатыр. Әсіресе, батыс елдерінің жаңа соғыс техникасы алдында бәсекелес болуы қиындай түсуде).

Тікұшақтары:

Иран құрлық армиясында тікұшақтардың жалпы саны 556 болып, оның ішінде AH-1J шабуылшы тікұшақтардан 10 данасы бар.

Әуе зымыраны:

SA-7 тұрпатты зымыраннан он нешесі бар. Алайда, Иран құрлық армиясының әуе қорғаныс күштері біршама әлсіз болып саналады.

Теңіз армиясы

Иран Теңіз әскери күштері ИИР-ның Қарулы күштерінің айбыны деуге болады. Теңіз күштері қосынындағы негізгі соғыс кемелері қатарында Ресейдің «Килограмм» атты суасты әскери кемесінен үшеуі бар. «Alvand» әскери кемелерінен 3 данасы бар. Екі дана «Баяндо» атты шабуылшы кемесі бар. Оған қоса, зымыран қондырғылы 20 Катерлері бар. Жағалауды шарлауға 26 патрульдік қайықтары бар. Барлау кемелерінен 7 данасы, сондай-ақ, құрлыққа шыға алатын 11 соғыс қайықтары бар. Басқа да тасымал және әскери істерге пайдаланатын 25 кемесі Иран теңіз армиясына қызмет етеді. Теңіз әуе күштерінде 2 мыңнан аса жауынгер бар болып, оларда әуе соғысына арналған әр түрдегі 70-тен аса әскери ұшақтары бар.

Осылардың арасында «Alvand» суасты кемесін Ұлыбритания Иранның тапсырысы бойынша жасап шығарған. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап Иранның теңіз күштерінде қызмет етіп келеді. Суасты кемесінің жалпы ұзындығы 94,5 метр, су ығыстыру қуаты 1350 тонна. Онда «Теңіз жендеті» II су асты зымырандары қондырылған.

Иран теңіз күштерінің жалпы қуатын сараптағанда, көбінде шетел сарапшылары заманауи соғыс кемелері мен құрал-жабдықтарының аз екенін алға тартады. Қолданылғанына 30 жылдан асқан үш соғыс кемесі көп ұзамай қолданыстан шығып қалғалы тұр. Каспий теңізі, Парсы шығанағы және Араб теңіздеріне шектесетін елдің теңіз қуаты өзін толықтай қорғауға жеткенімен, жаңа заман соғыс құрал-жабдықтарды дамыту ісі 2006 жылдан кейін ғана қолға алынды.

Әуе армиясы

Әскери ұшақтары: Тасымал және шабуылшы, тосқауылшы жойғыш ұшақтарын қосқанда жалпы саны 300 ұшақ бар.

Ескі үлгідегі F-4 «Фантом» жойғыш ұшағы мен F-5 «Барыс» ұшақтарының саны 60.

Су-24 ұшақтарының саны 30. (150-ге жуық шабуылшы ұшақтары жаңа заман озық соғыс техникасына жатпайды).

Жойғыш ұшақтары: F-7 жойғыш ұшақ саны 24. Миг-29 ұшақтарынан 30.

Су үсті шарлаушы ұшақтары:

P-3F ұшағынан 5 дана. RC-130 ұшағынан 1.

Барлаушы ұшақтары: RF-4E түріндегі ұшақтан 8 данасы бар (Соғысуға қабілетті әскери ұшақ саналады).

Жанармай және көлік тасымал ұшағы:

Boeing 707 тиіпті ұшақтан 4 данасы, Boeing 747 түрінен 1 данасы бар.

Тасымал ұшақтары:

Boeing 747F түрінен 9 ұшақ, Boeing 727 түрінен 1, Boeing 707 түрінен 11 данасы бар. C-130E / H түрінен 18 ұшақ, «Әуе қолбасшысы» 690 тиіпті ұшақтан 3 данасы, F-27 ұшағынан 15, «Falcons» ұшағынан 5 дана, PC-6B түрінен 10 ұшақ бар.

Тік ұшақтар:

Иран әуе күштеріне қарасты AB-206А түрінен 2, Bell 214C түрінен 39 тікұшақ және CH-47 типті 5 тікұшақ бар.

Әуеде атылатын зымырандары:

«Parrow», «Sidewinder», «Феникс» қатарлы бірнеше зымырандары бар.

Жерден атылатын әуе шабуылынан қорғанушы зымырандары:

«Хоук» атты зымырандарынан 30 айналасында, «Қар барысы» аталатын зымырандарынан 15, HQ-2J түрінен 45, SA-5 және FM-80 типтегі онның үстінде зымырандары бар.

Иранның әуе күштеріне ірі қару-жарақ сатып алуы 70 жылдардағы F-14 «Tomcat» жойғыш ұшағын сатып алудан басталды. Сол заманда мұндай соғыс ұшақтары тек АҚШ пен Иранда ғана бар. Бұл соғыс ұшақтарын Иран әуе күштері әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Соғыс пен қорғанысқа қабілетті соңғы үлгілердегі ұшақтарының жалпы саны 50-55 аралығында.

“The Qazaq Times”