ESET антивирустық бағдарламау жүйесін жасаушы компания қызметкерлері Petya вирусының таралу көзін тапқанын мәлімдеді.
Олардың дерегіне сәйкес, белгісіз топ аталған вирусты M.E.Doc бухгалтерлік бағдарламау жүйесі арқылы таратқан. Украинаның көп кәсіпорындары осы қаржылық бағдарламалау жүйесімен жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым күні Petya вирусы Ресей мен Украинаның компьютерлік желілеріне таралып, барлығы 80-ге жуық кәсіпорынға зиян келтіріп, жұмысын тоқтатқан болатын. Олардың қатарында, Mars, Nivea , «Alpen Gold» шоколадын өндіруші Mondelez International, «Запорожьеоблэнерго», «Укртелеком», Чернобыль АЭС да бар.
Вирус корпоративті желіге қауіпті сілтемесі бар хаттар түрінде таралған. Зақымдалған компьютердегі деректерді дешифрлау үшін хакерлер 300 биткойн көлеміндегі қаржыны арнайы есеп-шотқа аударуды талап еткен. Дегенмен жасырын топ өздеріне қойылған талаптардың барлығын орындаған кәсіпорындардың деректерін қайта қалпына келтіреміз деген уәделерінде тұрмады. Екі күн ішінде барлығы 45 транзакция орындалып, хакерлер 10 мың доллардан астам қаржыға ие болған.
Осыған қатысты Украинаның министрлер кабинеті: «Жергілікті мамандар кибер шабуылды тоқтатып, жағдайды бақылауға алды», -деп жеткізді.