Астана әкімдігі 2017-2018 жылдары жекешелендірілетін нысандардың тізімін жариялады. Сонымен алдағы екі жылда қалада коммуналдық меншіктегі 20 заңды тұлға жекешелендіріледі.

Жекешелендіру нарықтағы бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған. Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар жеке компаниялардың қызметін дамыту үшін жеке секторларға өтеді.

Саудаға кәсіпорындармен қатар, жеке тұлғалар да қатыса алады. Аукцион, тендер немесе жабық тендерлерге қатысу үшін:

1-қадам:

Тізілімнің www.gosreestr.kz веб-порталына тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (әрі қарай ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (әрі қарай БСН), толық атауы, бірінші жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейлі банктегі есеп-айырысу шотының реквизиттері;

4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, e-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

2-қадам:

Қатысушының ЭЦҚ-мен қолы қойылған сауда-саттықа қатысу туралы өтінімін тіркеу.

Тендерге және жабық тендерге қатысушылар  электрондық (сканерленген) көшірмелерін берумен қатар сауда-саттық шарттарымен келісетіндігі жайлы өтінімді тіркейді:

1) тендерге қатысушымен қол қойылған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін бағалық ұсынысты;

2) қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптардың сәйкестігі.

3-қадам:

Сауда-саттыққа қатысу.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай 2017-2018 жылдары коммуналдық меншіктегі 20 заңды тұлға бәсекелестік ортаға тапсырылуы тиіс. 2017 жылы 12 заңды тұлғаны жекешелендіру жоспарланған.

Шілденің аяғына дейін 9 кәсіпорынды саудаға шығару жоспарлануда. Жекешелендіру мәселелері бойынша комиссия жекешелендірудің түрі мен әдісін анықтайды. Нысандардың бағалау құны бағалаудан кейін белгілі болады.

Жекешелендірілетін нысандардың тізімін мына жерден көруге болады:  https://upgs.gosreestr.kz/p/ru/UpgsSearch/second-wave-search

4-қадам:

Сауда-саттық қорытындысын білу.

Аукцион қорытындысы туралы хаттама - аукцион қорытындысын тіркейтін әрі жеңімпаз бен сатушының жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.

5-қадам:

Келісім шартқа қол қою.

Аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде жеңімпаздармен құжаттардың түпұнсқалары бар болған жағдайда сатып алу-сату келісім шартына қол қойылады.

Сонымен бірге аукцион, тендер немесе жабық тендер жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде келесі құжаттардың көшірмесін салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен бірге немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексеруден соң бір сағат ішінде иесіне қайтарылады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Сонымен қатар, жеңімпаз сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынуы тиіс.

“The Qazaq Times”