Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің еркін сауда аймағын құруы экономикалық ынтымақтастық өсімінің артуына ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ саммитінде мәлімдеді.
Президенттің сөзінше, ШЫҰ елдеріне ынтымақтастықты кезең кезеңімен дамыту керек. Ол үшін елдердің экономикалық ынтымақтастық жобаларына қызығушылығы қаралу қажет
"ШЫҰ аясында экономикалық кооперацияларды алға жылжытуға ерекше назар аудару керек деп есептейміз. Бұл үшін жаңа мүмкіндіктер құрылады, ШЫҰ елдері үкіметтерінің арасында Халықаралық автокөлік тасымалы үшін қолайлы жағдай жасау келісімі күшіне енді. Біздің елдегі транзиттік көлік әлеуетін құру жолдарды дамыту бойынша жасалған бағдарламаларды дамытуға ықпал етеді. Сол сияқты өзара сауда көлемінің өсуі ШЫҰ арқылы еркін сауда аймағының құрылуына мүмкіндік береді", - деді ол.
Қытай Президенті Ши Жипиң (Си Цзиньпин) өз кезегінде орта және шағын бизнес бойынша ынтымақтастық механизмін қолдайтынын атап өтті. "Біз экономика бойынша "ақылды" орталықтар мен электронды сауда жөніндегі іскерлік қауымдастық құруды ұсынамыз", - деді Қытай Президенті.
Айта кетейік, Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саммиті болып датыр. Саммитке Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Белорусь, Үндістан және Пәкістанның президенттері қатысып жатыр. Самитте Үндістан мен Пәкістан ұйымға мүше болуы туралы шешім қабылданды.