Қазіргі таңда Қазақстанда, жалпы әлем бойынша миграция мәселесі өте өзекті тақырыптардың бірі. Осыған байланысты бүгін Алматы қаласында «Сарапшы» эксперттер клубының «Ішкі миграция, Алматы қаласы мысалында, оның шырмауы мен шешу жолдары» атты кезекті отырысы болып өтті.
Отырысты «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының жетекшісі, саясаттанушы Дәурен Бабамұратов жүргізді. Ол жиынның шымылдығын ашу барысында Қазақстанға жыл сайын келушілер мен кетушілердің санына қысқаша тоқталды. Бабамұратовтың сөзінше соңғы үш, төрт жылда Қазақстаннан 376 мың адам шығып, 377 мың адам кірген екен.
Бұл отырыста бірінші сөз Алматы қаласының демографиялық статистика басқармасының басшысы Юлия Сергеевнаға берілді.
Юлия Сергеевнаның айтуынша Қазіргі таңда статистика бойынша Алматы қаласында 1,8 миллион адам тұрады. Бірақ Алматы қаласы нақты халық санын тек халық санағы кезінде ғана анықтауға болады. Ал халық санағы 10 жылда бір ақ рет болады. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша соңғы 6 айда Алматы қаласына тұрақты тұруға 50 мың адам келген. Ал уақытша тіркеуге 188 882 адам тіркелген. Ал Алматыда тіркелмей жүрген адамдар жайында, шет елдерден келген азаматтар жайында ешқандай мәлімет жоқ екен.
Ал жалпы Алматыдағы демографиялық ахуал жайында саясаттанушы Айдос Сарым былай дейді: Қазір Алматы халқының санын 1713000 адам деп отыр бірақ, дегенмен бұның сыртында тіркелгені бар, тіркелмегені бар яғни бұл қаланы қалыптастырған мигаранттар. Жалпы Алматы мигарнттардың қаласы. Ал қазіргі таңда Алматы қаласы мигранттарға қандай көзбен қарап отыр? Алматы қаласының халқы да, әкімшілігі де мигранттарға қауіп-қатер тұрғысынан қарап отыр. Менің ойымша бұл көзқарастар дұрыс емес. Егер Алматы экономика тұрғысынан дамысын десек, Алматы географиялық тұрғысанан да, адам саныны жағынан да өсе беруі тиіс. Егер Алматы қаласының тарихына қарйтын болсақ, бұл қазақ тұрғындары өте аз, жергілікті отарлық басқару жүйесін қалыптастыру, әскери гарнизондарды орналастыру, коланиялды экономиканы қалыптстыру үшін құрылған қала. Және ұзақ уақыттар бойы осы бағыттар сақталып келген. Мысал үшін 1959 жылғы дерек бойынша Алматы қаласындағы қазақтардың саны 8,6 пайыздан аспаған. 1986-1989 жылы Алматыда қазақтардың саны 12 пайыз болған. Ал бүгінгі таңда Алматыда 60-65 пайыз қазақтар тұрады. Қазіргі уақытта Алматы қаласының 50 пайызы мигранттар. Олар Қазақстанның өзге өңірлерінен келушілер. Қалаға келушілердің 90 пайызы қазақтар. Қалаға білімсіз, сапасыз арба сүйреуге ғана арналған адамдар келіп жатыр деген өтірік. Соңғы ресми деректерге сүйенсек қалаға көшіп келіп жатқандардың 60 пайызының жоғары білімі бар. Бұрын кеңестер одағы кезінде бүкіл идеология, кітаптардан бастап, киноға дейін қаланы жаман, ауылдан артық еш нәрсе жоқ деген дүниеге құрылды. Жаңа өмір, жаңа уақыт, жаңа идеологияны талап етеді. Қала қазаққа керек, қала деген қазақтың өркендейтін жері, қала қазақтың дамитын жері.
Ал Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Мадина Нұрғалиева, Айдос Сарымның тек қазақтар жайында айтқанымен келіспейтінін айтты. Мадина ханымның ойынша бұның өзі миграция мәселесінде болашақта үлкен проблема болуы мүмкін екен. Соңғы ақпаратттар бойынша Алматы қаласындағы мигранттардың 40 пайызы 18-20 жастағы жастар, 14 пайызы 30-35 жастағы жоғары білімді азаматтар. 2009 жылғы халық санағына сүйенетін болсақ, Алматы қаласындағы мигранттардың 15 пайызы Қазақстанның өзге өңірлерінен келген азаматтар екен.
Бұл жиынға Айдос Сарым, Дәурен Бабамұратов пен қатар саясаткер Әміржан Қосанов, саясаттанушы Дастан Шерхан сынды азаматтар қатысты.