Америакалық астрономдар жаңа экзоғаламшарды ашты. Юпитерден екі есе үлкен болып келетін бұл ғаламшардың беткі температурасы Цельсий бойынша 4 мың градус, бұл көрсеткіш Күннің беткі температурасына жақын болып келеді.
Бұл қазіргі уақытта белгілі ең ыстық ғаламшар болып отыр. Аққу шоқжұлдызында орналасқан ғаламшар Жерден 650 ғарыш жылы қашықтықта. Ғаламшар KELT-9 жұлдызын айналғандықтан KELT-9b деген атау алды.
Ғаламшар өз орбитасын толық айналып өтуі үшін Жердегі есеппен небәрі 2 тәулік уақыт кетеді екен.
Бұл ғылыми жаңалық Огайо штатындағы мемлекеттік университеттің ғалымдарына тиесілі.