Ғалымдар Энцелад атты Сатурн серігіндегі мұз басқан қабат астында мұхит бар екендігін хабарлады.
«The conversation» мәліметінше, ғаламшар серігіндегі мұхиттың құрамы гидротермальды элементтерге бай, температураны ұстап тұруға қауқары жетеді. Одан бөлек, мұхит суының құрамында сутегі, азот және көміртек сынды химиялық элементтер де кездеседі. Демек тіршілік көзі де табылуы мүмкін.
Сатурн серігіндегі зерттеулер 1980-ші жылдардың басында яғни «Вояджерлер» дәуірі кезінде басталған. Сол уақытта ғалымдар тобы «Энцелад геологиялық белсенді және Сатурн сақинасы үшін зат көзі» деген қорытынды шығарған болатын. Ал 2018 жылдың 27 маусымында Энцеладтан күрделі органикалық макромолекулалар табылды. Алдағы уақытта Энцелад серігін зерттеу үшін ғылыми экспедиция құрылмақ.
Айта кетейік, осыған дейін ғалымдар Есекқырғаннан ғарыш аппараты арқылы метан газының суретін жариялаған.