Халықаралық павильондар:

Халықаралық павильондар Көрме кешенінің сыртқы периметрі бойынша орналасқан. Сақина түрінде жайғасу арқылы 4 ірі блокқа біріктірілген 14 П-тәрізді ғимараттарда орналасқан қатысушы елдердің павильондарына жету мүмкіндігі бірдей әрі келушілер ағынын біркелкі үлестіруге жағдай жасалған.

Елдердің экспозициялары 1 қабат деңгейінде орналасқан. 2 қабатта кеңселер, келіссөздер бөлмелері, қатысушылардың қызметтік аймақтары, сонымен қатар ұлттық тағамдар мейрамханалары жайғастырылады.

Халықаралық павильондар тақырыптық павильондармен Күнделікті шоу-шеру өтетін, сондай-ақ арт-перформанстар мен инсталляциялар жасалатын Сақиналық желекжол арқылы байланысады.

Ең белсенді қатысушы:

Өз кезегінде қытайлық тарап ЭКСПО-2017 көрмесіне деген жоғары қызығушылығын білдірді. Бүгінде 223 провинция мен 500-ден астам компания Көрмеге қатысып, оның шеңберінде бизнес-форумдар өткізуге дайын.

Қазақстан тарапынан ұсынылған жобалар:

Қазақстанның ұлттық павильоны энергетика саласындағы 28 жобаны ұсынады - олардың ең ірісі магниттік катушкасы бар тороидальді камера.

Қатысушылар: 

115 мемлекет және 21 Халықаралық ұйым. Сонымен қатар, арнайы жоспар бойынша әр мемлекеттің ұлттық күндері ұйымдастырылып тұрады.

Мәдени шаралар:

ЭКСПО-2017 көрмесінің барысында 3000 мәдени, ойын-сауық шаралары ұйымдастырылатын болады. Билеттер Көрменің ресми сайтында сатылымда.

Билеттер:

Көрмеге кіру билетінің құны 6000 теңгеден басталады.

Кәдесыйлық билет – бұл сыйлыққа берілетін киіз конвертке көркемделген бірегей дизайнды билет. Кәдесыйлық билет өзіне бірқатар бонустарды қосады, олардың бастысы – кез келген күнде Көрмеге бару мүмкіндігі. Сонымен қатар билеттің иелеріне фаст-трек жүйесі қолжетімді болады, яғни Көрмеге өту арнайы бөлінген дәліз арқылы жүзеге асырылатын болады және жалпы кезекте тұру қажет емес. Көрме аумағындағы «Энергия Холлы» павильонында өткізілетін бірқатар іс-шараларға 50% жеңілдікпен 2 билетке дейін сатып алу мүмкіндігі болады.

Көрмеге келушілерге әлеуметтік жағдайына байланысты арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Белгілі бір құжаттарды көрсету арқылы 50-100 пайызға дейін жеңілдікке қол жеткізуге мүмкіндік болады.

Ұйымдастырушы компания:

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы  2013 жылғы 15-қаңтарда Қазақстан Республикасының № 11 қаулысымен құрылған болатын.«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы қызметінің мәні ретінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу белгіленді.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамын құрудың алдында үлкен ұйымдастыру жұмысы, тапсырыс беру кампаниясы жүзеге асырылып, Астана  ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандарылған көрмені ұйымдастыруға құқық беретін байқауға қатысты.

“The Qazaq Times”