Отандық ІТ қызметті ұсынатындардың қызығушылығын қорғау үшін арнайы реестр құрылу керек. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.
Қазіргі кезде "Қазақстанның киберқақпасы"киберқауіпсіздік тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Ол екі кезең арқылы іске қосылады: біріншісі 2017-2018 жылы жүзеге асса, екіншісі 2019-2020 жылдары жұмыс істейді.
Бірінші кезеңде ақпараттық қауіпсіздік заңын орындау бойынша іс-тәжірибе жүргізілетін болады. Одан кейін өзгерістер енгізіле бастайды. Сондай-ақ, кәсіби стандарттар мен білім бағдарламаларына талдау жасалып, киберқауіпсіздік бойынша мамандар дайындалады.
"Осы жылы мемлекеттік органдармен бірге бағдарламаларды сатып алуға 6 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Бұл қаржы бағдарлама құралдарын жеткізетін шетелдіктерге берілетіні белгілі. Ал отандық бағдарлама жасаушылар мұны ары қарай дамыту керек. Бірақ алдымен олар шетелдіктермен бәсекелес бола алатындай шарттар құру керек", - деді Әбдіқалықов.
Оның сөзінше, министрліктер және комитетер, түрлі ведомствалар қолданатын бағдарламалардың 4%-ы ғана қазақстандықтардікі екен. Сондықтан бағдарлама жасаушылардың ұлттық реестрі құрылатын болады. Егер бағдарлама жасаушы өзінің өнімінің тиімді екенін және барлық стандарттарға сай екенін дәделдей алса, онда мемлекет оның бағдарламасын сатып алады. Осылайша олар мемлекеттен алғашқы капитал алып, шетелдік өндірушілермен бәсекелес бола алады.
Сондай-ақ, тұжырымдама аясында бизнес субъектілері мен мемлекеттік органдарна жасалған кибершабуылдар туралы ақпарат алатын ұлттық координация орталығы құрылады. Бұл жиі жасалатын шабуылдар статистикасын біліп отыру үшін қажет.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды