Бірінші және екінші деңгейлі жолдардың құрылысына және қайта жөндеу үшін бюджеттен 96,1 млрд теңге қаржы бөлінеді. 2016 жылы және 2 санаттағы 1 шақырым жолды жөндеу үшін шамамен 300 млн теңге жұмсалған. Мұндай мәліметті Energyprom.kz агенттігі келтіріп отыр.
1-ші санаттағы автожолдарға жаяу жүргіншілер жолағы мен велосипедке арналған жолақтары жоқ ені 3,4 метрді құрайтын төрт жолақы автомагистральдар жатады. Ал 2-ші дәрежедегі жолдарға қарапайым типтегі 2 және 4 жолақтан тұратын (жалпы алғанда) жолдар кіреді.
Қазіргі кезде "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан жолдар макроаймақтарды біріктіріп, "экономикалық алшақтықты" қысқарту мақсатында салынып жатыр. Яғни осы жолдар салынып біткеннен кейін алыс аймақтарға бару уақыты 23%-ға дейін қысқарады.
Жалпы 2017 жылы жолдарды жөндеу мен құрылыс жұмыстарын жүргізуге кеткен мемлекеттік бюджет шығындары 271,1 млрд теңгені (2016 жылмен салыстырғанда +0,9% ) құрайды. Оның 96,5 млрд теңгесі халықаралық қаржы институтарынан алынған. Energyprom.kz агенттігінің мәліметінше, халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыз 30%-ға қысқарған, есесіне бюджеттен қаржыландыру көлемі артқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?