Ұлттық банк тағы да «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 78 қаулысымен 2017 жылғы 22 мамырдан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 15 маусымға дейін «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз хабарламасында жазылғандай, бұл шешімді Ұлттық Банк банктің банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларына сәйкес, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді орындамау және пруденциялық нормативтерді мен басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады.
Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Delta Bank» АҚ жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 0,6 млрд теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 115,7 млрд теңгені құрайды. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,7%-ын құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін 2016 жылдың желтоқсан айында Ұлттық банк Қазинвестбанкпен қоса Delta Bank-тің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясын тоқтатып, кейін қайта қайтарып берген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді