ҚР Қаржы министрлігі мемлекет қазынасындағы қаржыны тиімсіз пайдаланған министрліктердің атын атады. Сонымен ең көп игерілмей қалған қаржы Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Ведомство басшысының сөзінше, 2016 жылы бюджеттен бөлінген қаржының 36 млрд теңгесі келісімшарттар мерзімінің өзгеруі мен атқарылатын жұмыстардың белгіленген мерзімнен кешігуіне байланысты игерілмей қалған.
"Негізгі айта кететін жайт, 2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы кіріс 1 078 млрд теңгеге немесе 30,8%-ға көбірек. Ал шығындар 2015 жылмен салыстырғанда 1 338 млрд теңгеге көп болды. ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығы 1,6%-ды құрады. Біздегі жоспар 2% болған. Кірістерді артық орындау нәтижесінде 158,4 млрд теңге көлеміндегі қолма-қол ақша қалдықтары жинақталды", - деп түсіндірді министрлік басшысы.
Өз кезегінде Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров 29 млрд теңгенің не үшін игерілмей қалғанын айтты.
"Қаражат нақты себептермен игерілмей қалды. Бұл қаржы ИЛ-76 әскери-транспорттық ұшағын сатып алуға жұмсалу керек еді. Алайда ұшақ бағасының қымбаттап кетуіне байланысты сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданды", - деді Мұхтаров.
Оның сөзінше, қалған қаржы мемлекетқазынасына қайтарылған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?