Президент Трамптың тағы бір лаңы АҚШ ақпарат құралдарын дүрліктіріп тұр. Американдық БАҚ Трамп ресейлік жоғары лауазыммен кездесуде аса маңызды құпиялықты ашып тастады деп айыптауда. Бұл мәселе турасында Ақүй дүйсенбі күні арнаулы баспасөз мәжілісін өткізді.

«Уашингтон пост» (Washington Post) басылымының хабарлауынша, Трамп өткен аптаның сәрсенбі күні, Ақүйдегі президент кеңсесінде Ресейдің жоғары лауазымды өкілін қабылдау кезінде АҚШ-тың маңызды болған құпиялығын ортаға салған. Аталған басылымның көрсетуінде бұл құпиялық «Ислам мемлекеті» (Islamic State) террорлық ұйымына қарсы тұру жөніндегі құпиялық екен. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Том Боссерт Орталық барлау басқармасына және АҚШ Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне Трамптың кездесудегі сөздеріне қайталай тексеру жүргізуді алда бұрын  тапсырған.

Танымал “The Wall Street Journal” басылымының хабарлауына қарағанда, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші H.R. McMaster дүйсенбі күні кеште Ақүйде журналистерді қабылдап, «Уашингтон пост» жариялаған ақпаратты терістеді. Оның түсіндіруіне қарағанда, ол президент Трамп пен Ресей СІМ басшысының кездесу барысын өз көзімен көрген. Алайда, «Уашингтон пост» жариялағандай информаторлар  туралы құпиялық айтылмаған. Оған қоса Трамп жарияланбаған ешқандай әскери құпиялықты да ашып көрсеткен жоқ деп ақтады.

Десе де, «Уашингтон пост» басылымында Трамп ақпаршылар (информаторлар) туралы құпиялықты жайып салды деп жазылмаған. Тек ақпаршыларға қатер төндіретін құпиялықты ашып қойды делінген. Ал, дүйсенбі күні “The New York Times” басылымында да осыған ұқсас ақпарат жария болды.

Кеше, «Уашингтон пост» басылымы аталған хабарды жариялай салысымен, бір сағат өтпей жатып, Ақүй АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсонның түсініктемесі хабарланды. Онда көрсетілуінше Сергей Лавровқа кездескен Трамп ақпаршылар туралы емес, террорлық ұйымға бірге қарсы тұру туралы кеңесті делінген.

“The Qazaq Times”