Түркияға паналаған 30 мынан астам күрд Сүриядағы мекендеріне қайта алмай отыр. 2014 жылы Сүрияның Халеб қарасына қарасты Айн әл-Араб аймағын ДАИШ ұйымы қарулы қақтығыстар арқылы басып алған болатын. Содан бері аймақта мекендеген күрдтер Түркияға паналай барып, босқындар шатырында тұрып келеді. ДАИШ ұйымы Айн әл-Араб жерінен қуылғанымен PYD деп аталатын террорлық топ осы өңірді өз бақылауына алған.
Түрік теле-радиосының ресми сайтының хабарына қарағанда, ДАИШ ұйымы аймақтан шегініп шыққанымен Халеб қаласы қарамағындағы өңірлер әлі де күрдтер үшін қауіпсіз болмай отыр. Түркияны паналаған 30 мыңнан астап күрттің мекендеріне оралуына аталған террорлық топтың күрттерге қаратқан ұстанымы бөгет болып отыр.
Түркия жақ босқындарға қолайлы шарт-жағдай жасап берген. Оларды баспанамен қамту және жүріп-тұруына ерік берілген. Десе де мекендеріне қайтқысы келетін күрдтердің алғашқы бір тобы PYD-тың қудалауы мен қырғыншылығына ұшыраған. Сүриямен шекаралас түрік жерінде уақытша қоныстанған күрдтер сүриялық ретінде елдерінің бөлшектеніп кетуін қаламайтындарын айтады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?