Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы қарулы күштер бөлімшесі растап отыр. 

Зымыран Корей түбегінің  шығыс жағалауындағы полигоннан Жапонияға бағытталып ұшырылған.

АҚШ әскерилерінің айтуынша, зымыран жапон су аймағына жетпей, 9 минутта 60 шақырым қашықтықты ұшып өтіп, Жапон теңізінің бейтарап ауданына құлаған.

Зымыранның кезекті сынағы ҚХР төрағасының АҚШ-қа ресми сапары қарсаңына   тура келіп отыр. Енді осы екі ел басшылары Солтүстік Кореяның зымырандарын тоқтату мәселесін қарастырмақ.

“The Qazaq Times”