Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандары жанындағы Оңтүстік Корея мен бірге Жапоня және АҚШ територясының біраз жерлеріне бағытталып тұрғанын өңірдің ең жоғарғы басшысы Ким Чен Ын Ким 1 қаңтардағы теле бағдарламада, Пхеньян құрлық аралық баллистикалық ракета жасаудың соңғы басқышына келгенін айтып тұрып ескерткен еді.
6 наурызда Солтүстік Корея 4 балистикалық зымыранын Жапон теңізін нысанаға алып атқан еді. Жапондықтар атылған зымырандардың үшеуінің мың шақырымдай аралықтан ұшып келгенін мәлімдеген.
Солтүстік Корея өз мәлімдемесінде осы төрт баллистикалық зымыранды Жапониядағы АҚШ базаларына соққы беру жаттығуы деп түсіндірген.
Ракеталарның Америка шекарасына дейін ұшып бара алатынын айтқан Ким Чен Ын “КХДР шығыстағы әскери өңір” деп атап, оны жеңіуге ең құдіретті жаулардың да күші жетпейді деген.
12 ақпанда КХДР басшысы Ким Чен Ын өзі көзден кешірген рекаталық сынақтың сәтті болғанын хабарлаған еді. Осыған орай Шығыс Азия елдерінде енді сақтық шаралары басталып кетті.
Би-Би-Сидің қырғыз қызметі бүгін Жапонияда алғаш рет Солтүстік Корея ракеталық соғыс ашса, бейбіт тұрғындарды қалай эвакуациялау керек деген азаматтық жаттығу өткенін хабарлады.
Қимылға Акита префектурасындағы Ога қаласының жүзге тарта тұрғыны тартылып, олардың бәрі жергілікті мектептің жаңа қалалық спорт комплексінің ғимаратына эвакуацияланған.
Шығыс Азиядағы АҚШ-ты жақтайтын елдер енді қорғанысқа көше бастады. АҚШ медесімен сайкесе алмайтын Қытай мен Ресей Шығыстағы ірі ядролық держабаға жататын Солтүстік Кореяны ашық болмасада қолдайтыны анық. Бұл теке тірес айналып келгенде АҚШ, Қытай, Ресей шинелісінің ашыққа шығуы. КХДР-ға жақын орналасқан Өңтүстік Корея мен Жапония АҚШ қа жақтас болғандығы үшін атылған алғашқы зымрандардың зянын көп тартары анық. Сол үшінде олар сақтық шараларын барынша күшейте түспек. АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсон осы аптадағы Бейжің сапары бұл түйінді қаншалықты шешеді оны алдағы хабарларда айтатын боламыз.
«The Qazaq Times»